$ 490.21  566.93  6.81

Алматыда 71 жастағы зейнеткер өз-өзіне қол жұмсады (ВИДЕО)

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған.

Фото: istockphoto
Фото: istockphoto

Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 71 жастағы ер адам өз үйінде аңшылық қаруды пайдалану арқылы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған.

Белгілі болғандай, марқұм көзі тірісінде бірқатар ауыр сырқаттармен ауырған. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін де өз өмірін қию ниеті туралы бірнеше рет айтқан.

"Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде", - Алматы ПД баспасөз қызметі

Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0