«Журналистердің сұрағы өте орынды болды, ал КТЖ басшысының жауабына көңілім толмады.
Жаңа Конституция бойынша халық шенеуніктерден есеп талап етуге толық құқылы. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді.
Депутат кеше журналистердің «Қазақстан темір жолы» (КТЖ) басшысына қойған өткір сауалын мысалға келтірді. БАҚ өкілдері ұлттық компанияның 4 триллион теңгеге жуық бюджет тапшылығы мен шығынын айта келе, КТЖ басшысының таныстарына аударылған жеке компаниялары неліктен миллиардтап табыс тауып отырғанын сұраған.
«Журналистердің сұрағы өте орынды болды, ал КТЖ басшысының жауабына көңілім толмады.
Ол өз көзірлерін ашқысы келмей, бұлтартты.
Әлгі жеке компаниялардың КТЖ тендерлеріне мүлдем қатысы жоқтығын дәлелдей алмады», — деді Мұрат Әбенов. Халық қалаулысының айтуынша, шенеуніктердің қолсұғылмайтын кезеңі өтті — енді олар қоғам алдында ашық әрі адал жауап беруді үйренуі тиіс.