Ол әскерге шақырылушының дәстүрлі емес бағыты (ЛГБТ) Отан алдындағы борышын өтеуден босатуға негіз бола алмайтынын кесіп айтты.
Желіде қызу талқыға түскен бұл мәлімдемені Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әскерге шақырылушының дәстүрлі емес бағыты (ЛГБТ) Отан алдындағы борышын өтеуден босатуға негіз бола алмайтынын кесіп айтты.
Ведомство басшысының орынбасарына «Әскер қатарына шақырылушы өзінің ЛГБТ өкілі екенін алға тартып, қызметтен бас тарта ала ма?» деген тікелей сұрақ қойылған болатын. Сондай-ақ, бұл ереже азаматтардың діни сеніміне де қатысты екені нақтыланды.
«Бізде гендерлік саясат, ЛГБТ бойынша мемлекетте заңмен тыйым салынған», - деп ескертті Асқар Мұстабеков.
Осылайша, министрлік өкілі заң алдында бәрі тең екенін және ешқандай жеке көзқарас әскери міндеттен құтқармайтынын мәлімдеді.