18.06.2026, 12:20

Алатауда әйел автокөлік астында қалып қойды

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Оның жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.

Алматы облысында құтқарушылар автокөлік астында қалған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Алатау қаласындағы "Простор" саяжай қоғамының аумағында болған. Төтенше жағдай туралы хабарлама 112 қызметіне келіп түскеннен кейін оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жіберілді.

Келген мамандар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, автокөлік астында қалған әйелді шығарып алды. Зардап шегуші қауіпсіз жерге жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Кейін әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.