18.06.2026, 14:20

Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.