Оқиға туралы құтқару қызметіне марқұмның қасында болған екі досы хабарлаған.
Қайғылы оқиға кеше, 17 маусымда «Көгілдір тоғандар №2» жасанды су қоймасында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Шомылуға арналмаған әрі тыйым салынған жерде суға түскен 2010 жылы туған жасөспірім суға батып кеткен. Оқиға туралы құтқару қызметіне марқұмның қасында болған екі досы хабарлаған.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға шомылуға тек арнайы жабдықталған жағажайлар мен демалыс орындарында ғана рұқсат етілетінін еске салады.
Тыйым салынған және бейтаныс жерлерде суға түспеңіздер, өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыздар және балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар.
Қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау адам өмірін сақтауға және қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.