Үкім заңды күшіне енді.
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының прокуратурасы Тасқала ауданы білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 млн теңгеден астамқаражатты жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облсы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Соттың 06.05.2026 жылғы үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енді.