18.06.2026, 17:30

Өскемендегі тұрғындарының жанайқайы: «Радуга» аялдамасындағы өткел қайда кетті?

Фото: vko.oskemen

Ең жақын «зебраға» жету үшін адамдар екі бағытта да бір шақырымға жуық жаяу жүруге мәжбүр.

Өскемен қаласының аудандары күн санап өсіп, кеңейіп келеді. Алайда мұндағы жол инфрақұрылымының жайы жергілікті жұртты әбден қажытқан сыңайлы. Әсіресе, «Радуга» аялдамасының маңындағы жағдай халықтың наразылығын тудырып отыр. Қазір бұл жерде жаяу жүргіншілер өткелі атымен жоқ.

Ең жақын «зебраға» жету үшін адамдар екі бағытта да бір шақырымға жуық жаяу жүруге мәжбүр.

Бұрын бұл учаскеде сұраныс бойынша жанатын бағдаршам жұмыс істеп тұрған еді. Кейіннен оны белгісіз себептермен демонтаждап, алып тастаған. Салдарынан тұрғындар қоғамдық көлікке міну үшін күнделікті өмірлерін қатерге тігіп жүр. Амалы таусылған жұртшылық «eOtinish» порталы арқылы бірнеше мәрте шағым түсірген. Бірақ құзырлы органдар тарапынан әлі күнге дейін ешқандай нақты нәтиже болмай тұр. Видео: vko.oskemen