Бұл ақпаратты АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі жариялаған.
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сондай-ақ оған қатысты елден шығару туралы түпкілікті шешім қабылданған. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі жариялаған.
Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Ермек Көшербаев Қазақстан тарапы заң аясында қажетті көмек көрсететінін айтты.
"Біз заңнамада көзделген шеңберде көмек көрсетеміз. Әрине, тағы да қайталап айтамын, тергеу әрекеттеріне араласуға құқығымыз жоқ. Мұндай айыптаулар бар екенін білеміз. Қазір ол кепілмен босатылды. Бұл белгілі бір деңгейде үміт ұялатуы мүмкін", – деді министр.
Сондай-ақ Ермек Көшербаев Қазақстан азаматының адвокат жалдауға құқығы бар екенін айтты. Оның сөзінше, ұсталған азаматтың туыстары да тиісті органдармен байланыста отыр.
Бұған дейін АҚШ-та Еламан Балтагерейдіңтерроризммен байланысы бар немесе сондай байланысы болуы мүмкін тұлға ретінде ұсталғаны хабарланған болатын.