Атыраудың сорына айналған тас жолдар тағы да әлеуметтік желіні шарпып, жұрттың ызасын туғызды.
Шұңқырға түскен көліктің темір дискісі майысып, дөңгелегі жарылуға шақ қалғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Миллиардтап қаржы бөлінсе де, облыстағы республикалық жолдардың сиқы — ат шаптырым ойықтар мен жүргізушілердің тозған жүйкесі. Әбден қажыған халық әлеуметтік желіде «ҚазАвтоЖолдың» басшылығын аяусыз сынап, тіпті зақымдалған әр көлік үшін полиция шақырып, сотқа беруге шақыруда. Салықты уақытылы жинап алып, ал алтыннан қымбат жол сапасын қадағалай алмайтын бұл мекеменің жауапсыздығы шектен шықты.
Құзырлы органдар бұл бассыздыққа шұғыл араласып, халықтың шығынын өтетпесе, бұқараның наразылығы бұдан да өрши түспек.