19.06.2026, 12:00

«Анашым 74 жаста»: Тау үстінде парапланмен ұшқан әжей көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Не дейсіздер, ал??!

Әлеуметтік желіде Түркияның Фетхие қаласында парапланмен тау үстінде ұшқан жасы жетпістен асқан ананың видеосы қызу талқыға түсті. Instagram желісіндегі Алма есімді қолданушы өзінің 74 жастағы анасының биік таулардың үстінен еш қорқынышсыз көкке көтерілген сәтін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Түсірілген бейнебаяннан егде жастағы ананың ешқандай үрейсіз ұшып бара жатқанын байқауға болады.

"Анашым 74 жаста, ал істеп жүргені мынау, не дейсіздер, ал?!", – деп жазылған бейнеде.

Ол қобалжудың орнына өте көңілді күйде ән айтып қалықтап жүр. Бұл ерекше көрініс оқырмандардың үлкен таңданысын тудырды.

Желі қолданушылары ақ жаулықты ананың батылдығына сүйсініп жатыр. Олар бейнебаян астында өздерінің ақ тілектерін қалдырып, жағымды пікірлерін білдіруде.