$ 485.82  554.03  6.24

63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

Сәбидің жынысы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Фото: tiktok.com/@natiq.maharamovv
Фото: tiktok.com/@natiq.maharamovv

Бакуде 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды. Ол 40 жыл бойы сәби сүйе алмай келген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұны медицина ғылымдарының докторы Натиг Магеррамов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Дәрігердің айтуынша, әйел дені сау нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген.

“Алланың қалауымен ем-домымызды жүргізіп, 63 жастағы пациентіміз ұзақ жыл күткен сәбиін қолына алды. Алла оны аман қылсын. Еміміз зая кетпей, осындай игі істің бастауында тұрғанымыз үшін Аллаға мың да бір шүкір”, – деп жазды ол.

Бұл жаңалық желі қолданушыларын әсерлендіріп, көпшілік ана мен сәбиге ақ тілегін жаудырды.

Сәбидің жынысы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен әлеуметтік желіде тараған видеода қуаныштан көзіне жас алған ана нәрестені қызғылт түсті көрпеге орап, бауырына басып отырғаны көрінеді.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны “көп жылғы үміттің ақталған сәті” деп бағалап, 63 жаста ана атанған әйелдің қуанышына ортақтасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0