$ 474.47  541.37  6.08

Көзбояушылық па, әлде жемқорлық па? Арқалық әкімдігі жол жөндеуді неге орта жолдан тастап кетті?

Фото: @talgatnurmanov
Фото: @talgatnurmanov

Арқалық қаласы, Байтұрсынов көшесіндегі 21-үйдің алдына төселген мына асфальт жергілікті тұрғындардың заңды ашу-ызасын тудырып отыр. Жауапты мердігерлер жұмысты бел ортасына келгенде шала-шарпы тастап, жолдың тек бір бөлігін ғана жамаған сыңай танытқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет қазынасынан бөлінген қыруар қаржының қалған бөлігі қайда кеткені және бұл учаскенің неліктен жоспарға толық енбей қалғаны түсініксіз. Өңірдегі атқарушы билік пен әкімдік өкілдері халықтың салығынан жиналған бюджетті игеруде тағы да салғырттық пен дәрменсіздік танытып отырғаны аян.

Жұртшылық бұл ашықтан-ашық көзбояушылыққа қатысты жауапты тұлғалардан нақты түсініктеме мен шұғыл тексеріс талап етеді. Бюджетті сорған сорақы жөндеудің соңы кімнің жауапқа тартылуымен аяқталары әзірге жұмбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0