$ 472.03  540.29  6.11

Бейнеуді су басты: әкімдіктің селқостығы ма?

Тұрғындар «билік уәде бергенімен, іс жүзінде суағарлар мен дренаж жүйесі әлі күнге дейін дұрыс реттелмеген» деп ашынып отыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында төрт күн бойы толассыз жауған нөсер салдарынан жүзге жуық тұрғын үй мен аула су астында қалды.
 

Табиғаттың тосын мінезі аймаққа бірнеше айлық жауын-шашын нормасын бір-ақ күнде төгіп, жергілікті халықты әбігерге салды. Ресми дерек бойынша зардап шеккендер жоқ дегенімен, жұрттың дүние-мүлкі мен баспанасына келген шығын шаш етектен. Құтқарушылар мен коммуналдық қызмет түнімен жұмыс істегенімен, ауыл ішіндегі су деңгейін жедел түсіру мүмкін болмай жатыр. Жыл сайын қайталанатын мұндай төтенше жағдайларға жергілікті әкімдіктің алдын ала дайындық жасамауы және инфрақұрылымның әлсіздігі халықтың наразылығын тудырды. Тұрғындар «билік уәде бергенімен, іс жүзінде суағарлар мен дренаж жүйесі әлі күнге дейін дұрыс реттелмеген» деп ашынып отыр.

 

 

Видео: denski_blog

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0