"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 шілдеде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтөбеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 06 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тауларында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.