7-9 шілде аралығында Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 7, 8 және 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап, алдағы күндері елде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
7-9 шілде аралығында Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
7-8 шілдеде жауын-шашын солтүстік пен орталық өңірлерде де түседі. 7 шілдеде орталық және шығыс аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. 8 шілдеде батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, ал 9 шілдеде еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде екпіні күшті жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін.
Сонымен қатар батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді болжанып отыр.
Алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
Еліміздің қалған аумағында ауа температурасына айтарлықтай өзгеріс болмайды.