$ 467.98  533.87  6.11

Аптап ыстық: Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазғанда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Фото: unsplash
Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде қатты ыстық 36 күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазғанда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 10 шілдеде түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, түнде облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде кей уқыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанайда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаевта күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Астанада күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0