Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Астанада полиция қызметкерлері мешітте телефон ұрлаған 25 жастағы жігітті анықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, таңертең ерте ер адам таңғы намазға келген. Намазын оқып болған соң, демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қойып, қуаттауға қосқан. Осы сәтті басқа бір келуші пайдаланған. Ол ешкімнің өз әрекетін байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері сол күні бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.