Қарағандыдағы Высоковольтная көшесінің тұрғындары кабель жүргіземіз деп асфальтты орып кеткен мердігерлердің жауапсыздығына ашулы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Былтыр қазылған ордың кесірінен кеңес өкіметінен бері ақаусыз тұрған жолдың тас-талқаны шыққан.
Жақында жұмысшылар келіп, жолдың сүйемдей жеріне ғана асфальт жамап, қалған бөлігін сол күйі қалдырып кеткен.
Адамдардың «неге толық жөндемейсіңдер?» деген сұрағына жұмысшылар «қалған жерін істеуге тыйым салынды» деп қысқа қайырыпты.
Енді тұрғындар әкімдік пен коммуналдық қызметтерден кабельді кім тартқанын және бұл бассыздықтың қашан аяқталатынын талап етіп отыр.