$ 467.65  533.26  5.96

Көкшетаудағы созылмалы проблема: Кектескен шенеуніктер мен мердігердің кесірін халық тартуда

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Көкшетаудағы Сарыарқа шағын ауданын су басу мәселесі жақын арада шешілмейтін түрі бар — әр жаңбыр сайын бұл көше көлге айналып, тұрғындарды әбден әбігерге салуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жолды жөндеу кезінде бұл аумақта арнайы су ағар жүйесі салынуы тиіс болғанымен, жұмыс орта жолда тоқтап қалды. ТКШ бөлімінің мәліметінше, мердігер мекеме міндеттемелерін орындай алмағандықтан, онымен келісімшарт біржақты түрде бұзылған. Қазіргі таңда тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот процесі жүріп жатқандықтан, құрылыс толықтай тоқтатылды. Сот шешімі шығып, жаңа мердігер анықталмайынша, бұл көшеде ешқандай оң өзгеріс күтуге болмайды. Салдарынан, шенеуніктер мен мердігердің арыздасуының кесірін тағы да қарапайым Көкшетау тұрғындары тартып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0