$ 467.65  533.26  5.96

Жолдағы апатқа кім жауапты: Алматы облысы Елтай округіндегі ойлы-шұңқыр халықтың өміріне қауіп төндіруде

Бұл жағдай кез келген сәтте адам өліміне әкеп соғуы мүмкін үлкен жол апатына алғышарт болып тұр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Алматы облысы, Қарасай ауданындағы жолда пайда болған сұмдық ойықтар жүргізушілерді күн сайын ажалмен бетпе-бет келтіруге мәжбүр етіп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 Елтай ауылдық округіндегі асфальттың тозығы жеткені сондай, көлік иелері апаттан қашу үшін амалсыздан қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетеді.

Бұл жағдай кез келген сәтте адам өліміне әкеп соғуы мүмкін үлкен жол апатына алғышарт болып тұр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құзыретті мекемелер бұл мәселеге көз жұмып, жауапкершіліктен қашып отырғандай. Күн сайын мыңдаған жүргізуші өмірін қатерге тігіп жүргенде, тиісті кезекші қызметтердің әрекетсіздігі халықтың ашу-ызасын тудырды. Шенеуніктер қайғылы оқиға орын алғанша күтіп отырмай, бұл қауіпті шұңқырды шұғыл түрде жөндеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0