$ 467.65  533.26  5.96

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шымкентте көшеде пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдыңісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. 

Нұрайдың ісі бойынша сот тікелей эфирде өткізуден бас тартты. Алайда журналистерге сотқа қатысуға, түсіруге кедергі жоқ екендігін жеткізді, - дейді адвокат.

Сот отырыстары әр аптаның сейсенбі және жұма күндері таңертеңгі сағат 10:00-де өтетін болды.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0