$ 467.65  533.26  5.96

«Көліктің жүксалғышына салған»: Ақтөбеде адам ұрлаған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

«102» арнасына бірнеше ер адамның бір азаматты күштеп автокөліктің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Адам ұрлау сәті оқиға орнынан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Бұл бейнежазба кейін қылмыстың мән-жайын анықтауда полиция үшін негізгі дәлелдердің біріне айналды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қолдауымен күдіктілер мінген Lexus автокөлігін тоқтатып, оларды ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқанда жүргізушінің әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін олардың арасында сөзге келіспеушілік туындаған.

Кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына келіп, оны күткен. Ер адам таксимен шығып кеткен сәтте олар көлікпен жолын бөгеп, таксиді тоқтатқан. Артынша жәбірленушіні күштеп көліктен шығарып, Lexus автокөлігінің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Аталған факті бойынша адам ұрлау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0