Ойнап жүрген кішкентай балалардың абайсызда осы темір құбырларға құлап, ауыр жарақат алу қаупі өте жоғары болып тұр.
Ақтаудағы 24-шағынауданның №16 үйінің артында ашық жатқан құбырлар мен осырайып қираған жол жергілікті тұрғындардың ашу-заңын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ойнап жүрген кішкентай балалардың абайсызда осы темір құбырларға құлап, ауыр жарақат алу қаупі өте жоғары болып тұр. Ата-аналар күнделікті балалары үшін уайымдап, құзырлы органдардың бұл сұмдыққа көз жұма қарап отырғанына қынжылады. Тозығы жеткен аймақты ретке келтіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұраған халықтың шағымы әлі күнге дейін нақты шешімін таппай келеді. Қала әкімдігі мен жауапты мердігерлер қайғылы жағдай орын алғанша күтіп отыр ма деген заңды сұрақ туындайды. Тұрғындар бұл қауіпті учаскені шұғыл түрде қоршап, ретке келтіруді талап етеді.