$ 465.74  531.08  5.92

«Анасы үйде болған»: Астанада 13-қабаттан құлаған жеті жастағы бала көз жұмды

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде анасы үйде болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада қайғылы оқиға болды. Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде он үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен жеті жастағы бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде анасы үйде болған. Бала қонақ бөлмедегі терезеден құлап кеткен. Аталған жағдай бойынша тергеу басталды. 

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда:

кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау;
терезе алдына кереует, үстел немесе өзге де жиһаздарды қоймау;
терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнату.
Сонымен қатар полиция масаға қарсы орнатылған торлардың баланы құлап кетуден қорғай алмайтынын ескертеді, олар баланың салмағына есептелмегендіктен, кез келген сәтте сынып немесе босап кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0