Синоптиктер 2026 жылғы 25 шілде, сенбі күні Қазақстан аумағындағы ауа райы жағдайы мен қауіпті құбылыстарға қатысты болжамын ұсынды.
Алдағы демалыс күні елде қайтадан +42°C-қа дейінгі қатты ыстық орнап, кей өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын өте мол болуы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз:
Өте қатты ыстық:
"Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөліктер елдің шығыс жартысына әсерін сақтап, найзағайлы жаңбыр, бұршақ, дауыл, ал шығыс өңірлерде қатты және өте қатты жаңбыр туындатады", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Қазақстанның батыс бөлігінде жоғары қысымды аймақтың әсерінен ауа райы ыстық әрі ашық болады.
"Ел аумағында жел күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.