29.07.2026, 09:10

Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады

Фото: gov.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.