Осыған байланысты бірнеше өңірде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.
Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаити Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 13 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Үкімет басшысы баспасөз мәслихатында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:30-дегі мәліметке сәйкес табиғи апат салдарынан 13 адамның көз жұмғанын айтты.
«Қазіргі мәлімет бойынша қаза тапқандар саны – 13 адам», – деді Санаэ Такаити.
Премьер-министрдің сөзінше, Жапония билігі зардап шеккендерді іздеу-құтқару жұмыстарын жедел жүргізіп, барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Еске салайық, 28 шілде күні Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелген еді. Осыған байланысты бірнеше өңірде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.
Әлеуметтік желілерде апат салдары түсірілген видеолар тарады. Кумамото өңірінде мұндай қуатты жер сілкінісі соңғы рет 2016 жылы болып, салдарынан 275 адам қаза тауып, 2 739 адам түрлі жарақат алған.
Сондай-ақ кешегі жер сілкіністерінен кейін Кумамото қаласындағы Aeon Mall Kumamoto сауда орталығында жарылыс болғаны хабарланды. Оның себептері мен зардаптары әзірге нақтыланып жатыр.