Оқиға кеше кешкі уақытта болды.
Оқиға Самара — Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында тіркелді. Жол апатында жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға кеше кешкі уақытта болды. Қаза тапқандар — кеншілер, Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшылары. Олар өз жеке көлігімен жүрген.
— Хромтау қаласы маңында Audi және ГАЗель автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.