29.07.2026, 11:20

Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу салтанатына қатысады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.

Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады.