29.07.2026, 12:20

Алматы тұрғындары жер асты дүмпуін сезді

Фото: Алматы әкімдігі

Жер асты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген.

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09–да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41,357° және шығыс бойлықтың 78,778°.

Жер асты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер жоқ.