Партияның бастамасымен ұйымдастырылған мәдени кештің мақсаты – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, ұлттық мәдениетті насихаттау, жастардың шығармашылығын қолдау және тұрғындарға заманауи мәдени демалыс ұсыну.
«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Атырау облысына жасаған жұмыс сапары Open Air форматындағы ауқымды концертпен қорытындыланды. Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен «ADILET EVENT» мерекесіне 20 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Партияның бастамасымен ұйымдастырылған мәдени кештің мақсаты – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, ұлттық мәдениетті насихаттау, жастардың шығармашылығын қолдау және тұрғындарға заманауи мәдени демалыс ұсыну.
Концертте әншілер Raim мен Бейбіт Қорған өнер көрсетіп, көпшілікпен бірге танымал әндерін орындады. Мыңдаған көрермен ашық аспан астындағы концерттің ерекше атмосферасын сезініп, кеш соңына дейін тарқамай тұрды.
Мерекелік бағдарлама соңына таяғанда 500-ден астам дронның көкке көтеріліп, шоу жасады. Түнгі аспанда түрлі бейнелер мен композициялар пайда болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оның ішінде, Атыраудың символына айналған бекіре балығы мен мұнай сорғысының бейнесі өрнектелді.
Концерт кезінде қоғамдық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, адамдар көп жиналған орындарды бақылауда ұстады. Соның нәтижесінде іс-шарада қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.
Осылайша, «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысындағы жұмыс сапарын мыңдаған адамның басын қосқан мәдени кешпен аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін штаб мүшелері өңірдегі ірі өндіріс орындарының еңбек ұжымдарымен кездескен болатын. Атап айтқанда, Атырау мұнай өңдеу зауыты мен «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен жүздесіп, мұнай-газ химиясын дамыту, инженерлік кадрларды даярлау, еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және сапалы жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады. Партия өкілдерінің айтуынша, бұл бастамалар «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасыныңнегізгі бағыттарының қатарында тұр.