29.07.2026, 15:20

Атырауда салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

Фото: видеодан скрин

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шығып, 100 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін, 12:39-да Таумыш Жұмағалиев көшесінде салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт құрылысқа арналған жылу оқшаулағыш материалы – көбік Plex-тен шыққан.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде тілсіз жау сағат 13:10-да толық сөндірілді. Жалынның жалпы аумағы 100 шаршы метрге жеткен.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.