29.07.2026, 15:50

Жезқазғандағы желге ұшқан миллиондар: Жасанды көгал бір айға да шыдамады

Фото: видеодан скрин

Әкімдік бұл жағдайға қатысты әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Жезқазған әкімдігі қаланы «жасанды көгалмен» көркейтудің тағы бір сәтсіз үлгісін көрсетті. Осыдан небәрі бір ай бұрын шенеуніктер халықтың миллиондаған бюджет қаражатын жұмсап, қала көшелеріне пластик шөп төсеген болатын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алайда, арада ай өтер-өтпестен бұл қымбат пластик кілем жыртылып, қоқысқа айналды. Бейнежазбада жұмысшылардың сол «жасанды көгалды» жинап жатқаны анық көрінеді, яғни халықтың ақшасы тағы да желге ұшты. Ендігі кезекте, осы сәтсіз эксперимент үшін қала басшылығынан нақты жауапкершілік талап етіле ме деген сұрақ ашық қалып отыр. Әкімдік бұл жағдайға қатысты әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Видео: kerekemes_kz