30.07.2026, 10:10

Семейде жылу құбыры жарылды ма: су тоқтаусыз ағып жатыр

Фото: видеодан скрин

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайдың апаттық тесілу ме, әлде жоспарлы түрде суды ағызу ма екенін түсінбей дағдарып отыр.

Семей қаласының Силикатный кентіндегі жылу трассасынан ыстық су тоқтаусыз сыртқа атылып, тұрғындардың үрейін ұшырды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Желіге тараған видеодан құбыр бойынан судың қатты қысыммен ағып жатқанын анық көруге болады. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайдың апаттық тесілу ме, әлде жоспарлы түрде суды ағызу ма екенін түсінбей дағдарып отыр.

Егер бұл техникалық ақау болса, қыс түспей жатып халықтың жылусыз қалу қаупі жоғары. Сонымен қатар, бұл жоспарлы жұмыс болған күннің өзінде жауапты мекеме тарапынан халыққа ешқандай алдын ала ескерту жасалмаған. Қала тұрғындары әкімдік пен жылумен қамтамасыз етуші компаниядан шұғыл түрде ресми түсініктеме беруді талап етеді.

Видео: ⁠@oo_osa_semey__vko