30.07.2026, 10:50

Қарағандыда шу: Майқұдықтағы "ажал" өткелінде тұрғындар мертігіп жатыр

Фото: видеодан скрин

Құзырлы органдардан бұл мәселеге назар аударып, жолды жөндеуді талап етеміз.

Қарағанды қаласы, Майқұдық ауданындағы 11-ші орамның тұрғындары жаяу жүргіншілер өткелінен өтуге қорқады. Мұндағы жол жабынынан шығып тұрған кедергі адамдардың өміріне нақты қауіп төндіріп тұр.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жерде екі әйел сүрініп құлап, жарақат алған. Әсіресе егде жастағы адамдар мен балалар үшін бұл өте қауіпті. Бұл мәселе тез арада шешілмесе, үлкен қайғылы жағдай орын алуы әбден мүмкін. Құзырлы органдардан бұл мәселеге назар аударып, жолды жөндеуді талап етеміз.

Видео: @5news.kz