30.07.2026, 21:30

Талдықорғанда жағажайдан ер адамның мәйіті табылды

Фото: Видеодан алынған кадр

Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Талдықорғанда қалалық жағажай аумағында денесінде сырттай зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы қайғылы жағдайға байланысты полиция департаменті өңір тұрғындары мен қала қонақтарына су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:

Шомылу кезінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынбаңыз; Арнайы жабдықталған әрі қауіпсіз аймақтардың шегінен тыс жерлерге жүзіп кетпеңіз; Судағы өзін-өзі ұстау ережелерін бұлжытпай орындаңыз.

Тәртіп сақшылары азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.