31.07.2026, 09:40

«Үлгермедім»: Наташа Қалымбетова анасынан айырылып қалды

Фото: видеодан скрин

Қаралы хабардан кейін Наташа Қалымбетова әлеуметтік желідегі тікелей эфирде анасына арнап жүрек тебірентерлік сөз айтты.

32 жыл бұрынғы қылмыстық істің қайта қаралуына себеп болған Наташа Қалымбетованың анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы NemolchiKZ қоры мәлімдеді.

«Біз оның бұл ауыр қазаны қаншалықты қиын қабылдап жатқанын білеміз және барынша қолдау білдіргіміз келеді», – делінген қордың хабарламасында.

Қаралы хабардан кейін Наташа Қалымбетова әлеуметтік желідегі тікелей эфирде анасына арнап жүрек тебірентерлік сөз айтты.

«Саған еш кінәң жоқ екенін дәлелдегім келді. Екеуміз сол ауылға бірге барып, барлығына кінәлілердің жазаланғанын, әділдік бар екенін көрсеткім келді. Бірақ үлгермедім», – деді ол.

Еске салайық, Наташа Қалымбетова 2026 жылы осыдан 32 жыл бұрын өзіне жасалған топтық зорлық-зомбылық туралы алғаш рет көпшілікке жария еткен болатын. Осыдан кейін Батыс Қазақстан облысының полициясы қылмыстық іс қозғап, ұзақ жылдар бойы жабық қалған оқиғаны қайта тергеуге кірісті.

Наташаның айтуынша, 1994 жылы 17 жасында ауылдағы кештен қайтып келе жатқанда төрт ер адам оны күштеп әкетіп, зорлаған. Оқиғадан кейін ол жүкті болып, қыз баланы дүниеге әкелген. Алайда түрлі жағдайларға байланысты сәбиінен айырылған.

Қазіргі уақытта Наташа Қалымбетова өзіне қатысты істің әділ тергелуін талап етіп, құқық қорғау органдарына жүгініп жүр. Сонымен қатар ол 30 жылдан астам уақыт бұрын айырылып қалған қызын іздеуді жалғастырып келеді.