31.07.2026, 16:20

Павлодарда бүлдіршін 6-қабаттан құлап, көз жұмды

Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға 30 шілде күні кешкі уақытта болған. 

Павлодар қаласында бір жарым жасар сәби көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты шақырту 30 шілде күні сағат 19:23-те түскен. Дәрігерлер оқиға орнына небәрі екі минут ішінде жеткен. Алайда бүлдіршіннің алған жарақаттары өмірімен үйлеспейтіндей ауыр болған.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, бала алтыншы қабаттағы пәтердің ашық тұрған терезесінен құлап кеткен. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болғаны айтылды.