$ 473.59  544.68  5.94

«7 жылда 4 әкім ауысты, заңсыздық тыйылмады»: Тараздағы жер дауы бойынша халық арызданды

2026 жылдың 4 тамызына белгіленгенімен, жергілікті биліктің әрекетсіздігі халықтың наразылығын тудырып отыр.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Тараз қаласындағы Мәңгілік ел көшесінің тұрғындары 2019 жылдан бері заңсыз құрылыс пен озбырлықпен күресіп келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өзін С.Сарымсақұлы деп таныстырған тұрғын канал ішіне 20 метрлік шарбак пен заңсыз көпір салып, өзінің жеке камерасына кедергі келтірді деген сылтаумен көшедегі жасыл желектерді отап тастаған.

Тұрғындар бұл мәселемен облыстың бұрынғы және қазіргі әкімдері Н.Нұржігітов, Е.Қарашөкеевке, сондай-ақ қала әкімдері Е.Жылқыбаев пен Б.Орынбековтің қабылдауында болғанымен, шенеуніктер бос уәдемен құтылып, ешқандай шара қолданбаған. Әкімдік өкілдерімен ауызжаласты деп айыпталған азамат тіпті сот процесі жүріп жатқанына қарамастан, 2026 жылдың 1 тамызында заңсыз көпірді бұзып, орнына күрделі жаңа көпір тұрғызып алған.

Тұрғындар бұл заңсыздық бойынша К.Тоқаевқа, Премьер-министр Бектеновке және Бас прокурор Асыловқа арызданып, 7 жыл бойы мемлекет қаржысының желге ұшып жатқанын айтып дабыл қағуда. 7-ші сот отырысы 2026 жылдың 4 тамызына белгіленгенімен, жергілікті биліктің әрекетсіздігі халықтың наразылығын тудырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0