$ 473.59  544.68  5.94

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Фото: Азаттық рухы
Фото: Азаттық рухы

Қазақстанда алдағы сейсенбіде, 2026 жылғы 4 тамызда ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, өңірлердің бірінде қатты аптап ыстық болады. Сондай-ақ кей өңірде найзағай ойнап, бұршақ түседі, тағы бір өңірде нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ауа райы болжамы бойынша, күндіз аптап ыстық еліміздің бірден бес өңірінде күтіледі:

  • +35...+38°С: Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында.
  • +41°С: Абай облысының оңтүстігінде.

"Атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта нөсер жаңбыр болады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін... Республика бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғу ықтималдылығы жоғары", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Республикамыздың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі:

  • Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
  • Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0