Жұртшылық шу көтерген соң, қала басшысы Алмат Ақышев тазалап бұтауға берілген рұқсат ағашты толық жоюға құқық бермейтінін хабарлады.
Өскемендегі балабақшалардың бірінің аумағында аман-есен өсіп тұрған жасыл ағаштар түбімен кесіліп, орнында адам бойындай томарлар ғана қалды,
Куәгерлердің айтуынша, бұл ағаштар ешкімге қауіп төндірмеген әрі құлау алдында тұрмаған. Жұртшылық шу көтерген соң, қала басшысы Алмат Ақышев тазалап бұтауға берілген рұқсат ағашты толық жоюға құқық бермейтінін хабарлады.
Тәртіп сақшылары жауапты тұлғаға айыппұл салып, оталған өсімдіктердің орнына жаңа көшеттер отырғызуды талап етпек.
Ал тұрғындар табиғатқа зақым келгеннен кейінгі мұндай жазаның мәселені шешпейтінін айтып, әкімдіктің бақылаусыздығына наразы. Себебі жергілікті биліктің салғырттығынан жасыл желек қалпына келместей болып оталып кетті.