Өскеменде болған соңғы сойқан дауыл салдарынан Ахмирово кентіндегі бес бірдей үйдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әуеде ұшқан қаңылтырлар электр желілерін үзіп, тұтас ауылды бір сәтте жарықсыз қалдырды. Мұнымен қоса, көшедегі жарық бағандары құлап, автобус аялдамасы тас-талқан болған. Сәл жел соқса шатыры ұшатын сапасыз құрылыс пен тозығы жеткен желілерге әкімдік тарапынан дұрыс бақылаудың жоқтығы халықты тығырыққа тіреді. Жергілікті биліктің салғырттығы мен уақытылы шара қолданбауының кесірінен өңір тұрғындары тағы да апат зардабын тартып отыр. Өскемендегі бұл жағдай әкімшіліктің инфрақұрылым қауіпсіздігіне қаншалықты үстірт қарайтынын анық көрсетіп берді.