Меркі ауданына қарасты Талдыбұлақ шатқалы осымен екінші мәрте қызыл жалынның астында қалып отыр. Тілсіз жау кеше түс кезінде басталған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Табиғи өрт тіпті көрші Бөгдіген тау шатқалына дейін жайылып кеткен. Бетқаратпас жалынды 320 адам мен 60-тан аса техника ауыздықтауға тырысып жатыр. Мамандар сөндіру жұмыстары бір тәулікке созылғандықтан, тік ұшақтың көмегіне жүгінген. Әзірге табиғи өрт қанша аумақты шарпыған белгісіз.
Еске салайық, 12 тамызда дәл осы тау шатқалдарында үлкен өрт болып, бір адам қаза болды. Ол кезде қызыл жалынды сөндіру жұмыстары 3 күнге жалғасқан болатын. Ал шілде айының басында тағы екі адам табиғи өрттің құрбаны болды. Мамандар өрттің жиі болу себебін күннің қатты ысуы мен адамдарың қасақана әрекетінен деп болжайды.