$ 467.48  539.52  5.73

Неке қиды да, бірден изоляторға түсті: Көкшетаудағы жас жұбайлардың тойы жанжалмен аяқталды

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері барған.

Фото: Sn.kz
Фото: Sn.kz

Көкшетауда жас жұбайлардың неке қиюдан кейінгі мерекесі полиция бөлімінде аяқталды,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мас күйдегі ер адам әйеліне қол көтеріп, кейін уақытша ұстау изоляторында да тәртіп бұзып, қолжуғышты сындырған. Полиция мәліметінше, «102» арнасына Көкшетаудағы қоғамдық орындардың бірінде агрессивті ер адам жүргені туралы хабар түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері барған.

Құқық бұзушы туралы полицияға кәмелетке толмағандар хабарлаған. Олар ер адамның мас болғанын, агрессивті әрекет жасап, жанындағы әйелге қол көтергенін айтқан.

«Кәмелетке толмағандардың дер кезінде хабарласуының арқасында полицейлер құқыққа қайшы әрекетті жедел тоқтатып, бұдан да ауыр салдардың алдын алуы мүмкін болды», – деп мәлімдеді полиция.

Ұстау барысында ер адам балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Сонымен қатар медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Осыған байланысты оған әкімшілік хаттама толтырылды.

Ер адамның жұбайы да медициналық тексеру нәтижесінде орташа дәрежеде мас болғаны анықталған. Ол қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілгеннен кейін де тәртіпке бағынбай, ондағы қолжуғышты сындырған. Осы әрекеті үшін оған ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілік қарастырылды.

Бұдан бөлек, полиция ер адамға билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

Кейін полиция ерлі-зайыптылардың дәл сол күні некелерін ресми түрде тіркегенін анықтаған. Олар салтанатты рәсімнен кейін мерекені бірге атап өтпек болған. Алайда ішімдік салдарынан кеш жанжалға ұласып, полиция шақырылған.

«Кәмелетке толмағандардың дер кезінде хабарласуының арқасында құқыққа қайшы әрекеттердің жолы кесіліп, бұдан да ауыр салдардың алдын алу мүмкін болды», – деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0