Бұл жолмен күн сайын қатынайтын жүргізушілер кептелісте бірнеше сағат тұруға мәжбүр екенін айтып отыр.
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылында көпір маңындағы жолдың бір бөлігіне асфальт төселмей қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы учаскенің кесірінен көлік қозғалысы қиындап, таңертеңнен кешке дейін ұзын-сонар кептеліс пайда болады.
Бұл жолмен күн сайын қатынайтын жүргізушілер кептелісте бірнеше сағат тұруға мәжбүр екенін айтып отыр.
Тұрғындар жолдың не себепті аяқсыз қалғанын және асфальт төсеу жұмыстары қашан қайта басталатынын сұрайды.
Сондай-ақ олар жауапты мекемелерден жөндеу жұмыстарының нақты аяқталатын мерзімін жариялауды талап етіп отыр.
Әзірге аталған жол учаскесінің қашан толық жөнделетіні туралы нақты ақпарат жоқ.
Видео: @eltai_okrug