$ 457.99  534.15  5.47

Қостанай облысында КамАЗ-бен соқтығысқан мотоциклші қаза тапты

Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

Фото: Қостанай облысы ПД
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында ҚАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның мән-жайын Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, автожолда «КамАЗ» көлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

— «КамАЗ» жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, — деді Аманжол Байзақов.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0