$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

«50 миллион теңгеге осы ма?»: Тұрғын BI Group пәтерінің сапасын сынға алды

Фото: digital business
Фото: digital business

 

Әлеуметтік желіде BI Group салған үйдегі пәтердің әрлеу сапасына наразы тұрғынның видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда қабырғаға жанынан жарық түскен кезде оның беті тегіс емес, ой-шұңқыр мен әрлеу іздері анық көрінеді. Видео авторы пәтерге шамамен 50 миллион теңге төлегенін айтып, мұндай бағаға сапалы жұмыс талап етуге құқылы екенін жеткізді. Пікірлер арасында BI Group-тан жөндеуімен пәтер алған тағы бір тұрғын қабырғалардың қисық, сылақтың асығыс жасалғанын және бетінде толқын мен жіктер қалғанын жазған. Қымбат пәтер сатып алушыға сапасыз күйінде тапсырылса, BI Group мәселені жекелеген шағым ретінде қарамай, құрылыс пен әрлеу жұмыстарының сапасына жауап беріп, анықталған кемшіліктерді түзетуі тиіс. Тұрғындардың талабынан кейін компания бұл жағдайға қатысты нақты түсініктеме беріп, пәтердегі ақаулардың не себепті пайда болғанын және оларды қалай жоятынын ашық айтқаны жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0