$ 458.48  534.68  5.43

Қызылордада бала өлімі: медицина қызметкерінің әрекеті тексеріліп жатыр

Іс полиция департаментінің бақылауында.

фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Облыстық Полиция департаменті медицина қызметкерінің өз міндетін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаментінің бақылауында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала жедел жәрдеммен көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген. Емдеу барысында республикалық клиникалық орталық мамандары бірнеше рет телемедициналық кеңес берген.

Қазіргі таңда жағдайға қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0