13.09.2026, 21:30

Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Фото: ТЖМ

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші және 14 арнайы техника жұмылдырылған. 

Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Есіл ауданы Ақмешіт көшесі мекенжайында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағында өрт шықты.

Ғимараттың шатырында 30 шаршы метр аумақта рубероид пен полиэтилен жанған. Оқиға орнына жеткен елордалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері жоғары ранг бойынша жұмыс істеді.

Тегтер: өрт тұрғын үй